oC
Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, өкпе-ренішті ұмытып, жылы тілектер айтады. Көрісу күні – татулық пен сыйластықтың, үлкенге құрмет, кішіге ізеттің белгісі. Балабақшада да бұл дәстүр дәріптеліп, балаларға ұлттық құндылықтар туралы түсінік берілді. Тәрбиеленушілер бір-бірімен көрісіп, «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деп ізгі тілектер айтты. Осындай тәрбиелік шаралар арқылы балалар халқымыздың салт-дәстүрлерін танып, құрметтеуге үйренеді. 🇰🇿✨